14.07.2023
173
Сағындым сені
Ұмыттым қазір әнімнің бәрін,
Сенен де сұлу лағылдың барын.
Елтітер мені,
Ерітер мені
Көзіңнің отын сағындым, жаным!
Гүлін елемей бағымның көркем,
Сезімнен де сан жаңылдым, еркем.
Жүрегім ән сап тұратын еді,
Сайраған кезін сағындым, еркем!
Сенсіз өтпейтін тойым кезінде,
Суретім бар ма мойыл көзіңде?
Өзіңнен жырақ ғұмыр кешкенмен,
Күндіз де,
Түнде
Ойым өзіңде!
Алаңсыз кезді аңсадың ба екен,
Мұңайып, жаным, ән салдың ба екен?
Жырақсың әрі жақынсың маған,
Отырасың кіл қарсы алдымда, еркем.
Болмайды іштегі жалынның шегі,
Тағдырға айтқан шағымның себі.
Мең-зең дүние, мерекесіз күн,
Той-думаны өзің, сағындым сені!