14.07.2023
131
Жолықтым қартқа, жасқа да...
Жолықтым қартқа, жасқа да,
Көрдім ғой елдің талайын.
Табыстамашы басқаға,
Алыстамашы, ағайын!
Не өтпеген дейсіз басымнан,
Таңдадым таңның арайын.
Шапағатты едім жасымнан,
Махаббат менің маңайым!