13.07.2023
  85


Автор: Серікбай Оспанов

Айтсам егер кешемді...

Айтсам егер кешемді:


Мен деп ойла мешелді.


Босағадан аттамай,


Арман байғұс неше өлді?!


Жібердім-ау есемді...


 


Шынын айтсам бүгінім:


Үмітім мен Күдігім


Күрескенде тең түсіп,


Сүттей болып ірідім.


Тек, әйтеуір, тірімін...





Пікір жазу