13.07.2023
  108


Автор: Серікбай Оспанов

Шарпылып денем жалынға...

Шарпылып денем жалынға,


Жиілеп, от боп тұрды дем..


Сағынған сол бір шағымда


Жамылған едім түнді мен.


 


Жұлдыз боп күлкің шашылды,


Айналды маңай ән-жырға.


Күн болып есік ашылды,


Түн қалды есік алдында.





Пікір жазу