13.07.2023
  69


Автор: Серікбай Оспанов

Терең-терең сайлардан...

Терең-терең сайлардан


Біз гүл терген кездерде,


Қос жанарым байланған


Терең-терең көздерге.


 


Терең-терең көлдерге


Сен су ала барғанда,


Бар еді бір шөл менде,


Айналып ең арманға.


 


Қызыл-жасыл сол күннің


Қызығына тойдым ба?!


Тұнығына шомылдым


Терең-терең ойдың да.


 


Өмір атты ағыста


Жырақтадың сен де елден.


Кеттім мен де алысқа


Белес-белес белдермен.


 


Еміс-еміс елеске


Әлі жаным құлшынып,


Аламын мен сені еске


Терең-терең күрсініп...





Пікір жазу