13.07.2023
75
Алдады алған айлық та...
Алдады алған айлық та,
Арбады алтын –
От күлген!
Байланып қалмай байлыққа,
Айналып өтіп кеттім мен.
Сезіміммен сан ойнады,
Жаны жайсаң қыз –
Бақ күлген!
Көркіне көзім тоймады,
Өртіне шыдап бақтым мен!
Бақытын өзі таппақ ер!
«Осы қыз сенің арманың,
Ақылды-ақ», – десіп мақтады ел.
Жарқылдап қарсы алмадым.
Келгенмен басқа сан-мың ой,
Көргенмен сұлуды өрімдей,
Қара қыз, білмей қалдым ғой,
Арамыз қойды бөлінбей!..