13.07.2023
72
Тіршілік қой, таусылған ба дертіміз...
Тіршілік қой, таусылған ба дертіміз,
Бір жігітке ғашық болды екі қыз.
Бірі – өңсіз,
Бірі – сұлу, сымбатты,
Жүрді екеуі бөлісе алмай бір бақты.
Өңсізінің жаны таза, пәк адам,
Көріктінің бетін әркім жалаған...
Өңсіздеуі мінезді, сөз ұғатын,
Көріктісі ұшып-қонып тұратын.
Өңсіздеуі жылтырақсыз, ақылды,
Көріктісі жылтырақты, жарқылды...
Екеуінің ортасында бір жігіт,
Екі қызда екі түрлі жүрді үміт:
Өңсіздеуі шын сүйгенін қалайды,
Көріктісі қаражатын санайды...
Бірі – өңсіз,
Бірі – сұлу, сымбатты,
Жүрді екі қыз бөлісе алмай бір бақты.
Өңсізіне жігіт онша қарамай,
Сұлу қызға аңқылдайды баладай.
«Сүйген сүлу!» – деп жүрегім тіл қатты,
...Айыру қиын арзан менен қымбатты...