10.07.2023
76
Еске алмайын десемдағы сені мен...
Еске алмайын десемдағы сені мен,
Өткен күнге кейде амалсыз шегінем.
Арманымыз жолығып қап көшеде,
Махаббатың кездеседі менімен.
«Кездеспеймін, кетсемдағы енді өліп», –
Деп ем,
Жаным сыбырлады сен болып.
Кескін-кейпің, әсем күлкің, жанарың,
Бар қылығың көз алдыма келді өріп.
«Кездеспеймін!
Кездеспеймін!» дедім мен,
Көз алдымнан ештеңе жоқ шегінген!
Айтқан сөзің аяғыма оралып,
Өз-өзіме тағы айрылдым сенімнен.
Сондадағы
«Кездеспеймін!» дедім мен,
Жетекке алды сезім ұстап жеңімнен.
Томпаң қағып бара жатты сен жаққа
Ақыл шіркін сол сезімнен жеңілген...