10.07.2023
92
![](/uploads/shorttexts/author_image/mrm.png)
Қосам-да жаның тілеген...
Қосам-да жаның тілеген
Мендегі жылу – қуатка,
Мұныңды сенің жіберем
Айналдырып мен шуаққа.
Өзіңе сосын ой артып,
Ақтарып сырды шертемін.
Үміттеріңді оятып,
Күдіктеріңді серпемін.
Ұшуға тұрсың шақ қалып,
Шығарсың өзің байқаған.
Тасып-толасың шаттанып,
Ғашық боласың қайтадан.
Нұрлантып Күн де күлді көк,
Сенде бар Сенім – бар қанат!
...Мендегі барлық құдірет –
Өзіңе деген махаббат!