10.07.2023
  95


Автор: Серікбай Оспанов

Терең ойдан күрсініп...

Терең ойдан күрсініп,


Елемеймін елді мен.


Ұмыт боп бар тіршілік,


Телефонға телмірем.


 


Өткіземін күнімді


Түк естімей, түк көрмей.


Күтем сенің үніңді,


Өмір үнін күткендей.


 


Көзім қашан ілінді,


Қойды үйге де құт келмей.


Күтем түнде үніңді


Қадір түнді күткендей.


 


Осыншама қалжырап


Күтетінім неге екен?!


...Жүр демейді ел жан жылап,


Үндемейді телефон...





Пікір жазу