10.07.2023
81
Жанарың – от, жанады...
Жанарың – от, жанады,
Көркіңнен көз алмадым:
Алыпұшып барады
Әлдеқайда арманым.
Қайтам дейсің, қайтпашы,
Қарай берсем қайтеді?
Келме деп те айтпашы,
Талай келсем қайтеді?
Жанарыңнан жалынды
Арай көрсем қайтеді?
Жаныма мен жаныңды
Балай берсем қайтеді?
Бірімізге біріміз
Қорған болсақ қайтеді?
Бір боп қыз бен ұлымыз,
Орман болсақ қайтеді?
Мен көзіңе қарадым,
Жарық шашып барады.
Жанарымды жанарың
Алып қашып барады...