10.07.2023
114
![](/uploads/shorttexts/author_image/mrm.png)
Сен ғанасың теңіздейін шайқаған...
Сен ғанасың теңіздейін шайқаған,
Жан-тәнімді аймалатып айтар ән.
Құшағымда бір-ақ уыс боп жібек,
Құшқаныңда жазыласың қайтадан.
Бағым дегем!
Жаным сенен садаға!
Өзің қазір жар да, бала, Ана да!
Өзге асылды қайтем, күнім, сен барда,
Көз жасыңды домалатып қарама!