meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.07.2023
  109


Автор: Серікбай Оспанов

Қанмен бірге жанды кезген...

Қанмен бірге жанды кезген


Қамалып бір қалам мұңға.


Атырдым да таңды көзбен,


Тағы күттім таң алдында.


 


Автобустар ағылады


Үмітімді үрлегендей.


Бәлкім көкті сағынады,


Ерте тұрды күн де мендей.


 


Талдырды ғой таңдар мына,


Өзіңнен жоқ көптен дерек.


Аялдамай,


Арманына


Барады күн көкке өрмелеп.


 


Сиынайын бар ма құдай,


Жан-күйімді ұқсаң нетті?!


Автобустан


Арманым-ай,


Сен де күн боп шықсаң етті!





Пікір жазу