10.07.2023
  47


Автор: Серікбай Оспанов

Көрмесем сәтке...

Көрмесем сәтке


Сағынып,


Жолыңды тостым, жаным-ау.


Күл болар кейде бар Үміт,


Өмірдің өзі сағым-ау...


 


Телефон соқтым шаршамай,


Есігіңе де маза жоқ.


Жалынын құшты жан-сарай,


Өзегімді өртей жаздап от.


 


Шыға алмай қойдым құмардан,


Сан сиың калай өтелер?


Жанымды жалғыз ұға алған,


Өзіңсің алға жетелер.


 


Ауыр ой басады еңсені,


Сүремін өмір бірақ мен:


«Бақытты етемін мен сені!»


Дейтұғын жалғыз мұратпен!





Пікір жазу