meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.07.2023
  113


Автор: Серікбай Оспанов

Деп жүр ем көздің...

Деп жүр ем көздің


жасы кепті ме екен,


Құдайым сонша   


жасық етті, нетем?!


Өмір дегенім өкініш боп кетті,


Қиямет те осындай қасіретті ме екен?!


 


Кешіремін деп ең, кешіре алдың ба,


Есерлігімді әлде есіңе алдың ба?


Қарғап жүрсің бе, қарғашы, қарға,


Жүрмін өлімнің есігі алдында!





Пікір жазу