10.07.2023
  42


Автор: Серікбай Оспанов

Бар еді бұл үніңде не ғаламат...

Бар еді бұл үніңде не ғаламат,


Жан-тәнімді балқытып, енді аралап.


Көзқараста көл-көсір сыр жатады,


Мен қарындас дегенмен, сен ағалап.


 


Айтқаныңа, арманым, сан ұйыдым,


Ақсап сені түсті ғой тағы иығым.


Табындыра береді тазалығың,


Сағындыра береді сәби үнің.





Пікір жазу