10.07.2023
  41


Автор: Серікбай Оспанов

Қабағыңды ашқанда...

Қабағыңды ашқанда,


Серігіңе сен төніп,


Жарасымды жас жанға


Көремін бір еркелік.


 


Жанарыңда – от, арман ба,


Елжірейді ел көріп?


Көңілдене қалғаңда


Көремін бір еркелік.


 


Әдемі ән мен күй сенде,


Бермепті ақыл келте ғып.


Қабағыңды түйсең де


Көремін бір еркелік.


 


Кеудемдегі шоқты үрген


Сен самалым, сен көрік.


Жасандылық жок мүлдем,


Көремін бір еркелік.


 


Еске алсам жас шағымды,


Ертегі ғой еркелік.


Жалын болып жанымды


Өртеді ғой еркелік...





Пікір жазу