10.07.2023
87

Шақырады ой – көше...
Шақырады ой – көше,
Көз алдымда – қимылың,
Өзге біреу сөйлесе...
Сенің келіп сүйді үнің.
Түссе де ақыл араша,
Сезім сені аймалар.
Өзге біреу қараса...
Өз көзіңе айналар.
Көрем сәнді гүлден мен,
Көркің – қайың, бұлақ та!
Өзге біреу күлгенмен,
Сенің күлкің – құлақта!
Сиқырладың ба әніңмен,
Жаулады ма мінезің?
Тұсадың ба жаныңмен,
Құшағымда – бір өзің?!
Өзің – арман аспаны,
Көңілге өзің төрлейтін.
Болдым сенен басқаны
Естімейтін,
Көрмейтін!