10.07.2023
  47


Автор: Серікбай Оспанов

Көңілің де, керемет кеңдігің де...

Көңілің де, керемет кеңдігің де,


Бір көрмесем, іздеймін сені күнде.


Еркелігің ойнайды жанарыңда,


Өткен күнім – үркектеу ерініңде.


 


Сен мұңайтар, жанымды сен жүдетер,


Қарамашы қамығып енді бекер.


Қабақ түйе қалғаның  – қалжыратып,


Ашық-жарқын жүргенің – елжіретер.





Пікір жазу