10.07.2023
  77


Автор: Серікбай Оспанов

Ойлап сені таптым мен

Ақ арманнан, ақ гүлден,


Пәк жүректен, пәк түннен,


Жақсылықтан жаратып,


Ойлап сені таптым мен.


 


Самғап әсем әніммен,


Жалғап сені жаныммен,


Махаббатым арқылы


Сұлу еттім бәрінен.


 


Елемедім алтынды,


Жалған жасық жарқылды.


Жоқ өзіңнен сымбатты,


Жоқ өзіңнен ақылды.


 


Шақта маған бақ күлген,


Шуақтардан, шат күннен,


Ақ пейілден, мейірімнен


Ойлап сені таптым мен.


 


Жүрегімде ғанасың,


Жанарыма от жағасың.


Мен өмірден өтсем де,


Өлеңімде қаласың!





Пікір жазу