10.07.2023
  52


Автор: Серікбай Оспанов

Құшақтатпай қойды ма...

Құшақтатпай қойды ма


Құшағың сенің – құдірет?!


Білегіңді асшы мойныма,


Бір рет емес, мың рет!


 


Мойныма асыл, асылшы,


Арманым еді, асылым!


Жапырағым боп жасыршы,


Сарғайған шақта жасылым.


 


Сөнбесін көзің жарқылы,


Көңілім күлген, нұр күлген!


...Өзіңді құшу арқылы


Өмірді құшып тұрмын мен!





Пікір жазу