10.07.2023
  58


Автор: Серікбай Оспанов

Ән саламын...

Ән   саламын,


Домбыра   бар   қолымда,


Әлде  саумын,


Әлде   жынды   болдым   ба?!


Барлық перне сенің атыңды атайды,


Сенің   атың –


до, ре, ми, фа... орнында!


Есімнен бір шықпай қойдың сен неге,


Сенің атың екі  ішекте, пернеде.


Сенің атың қайда барсам қасымда,


Бірге отырар мен отырған бөлмеде.


Бірге жүрер көшеде де, далада,


Мүлде жақын, қашықтық жоқ арада.


Ән боп, жыр боп шыға береді алдымнан,


Сенің  атың сіңіп  қалған  санама!


Тауып   койған


Тал бойыңа шақ бұл ат,


Қойған кісі адам екен тапқыр-ақ!


Есігімді жел сен  болып қаққылап,


Есіміңді барады  айтып ақ бұлақ.





Пікір жазу