10.07.2023
106

Қоштасқандай жырлы, сырлы көктеммен
Қоштасқандай жырлы, сырлы көктеммен,
Өлең жазбай кеткен едім көптен мен.
Кездескенім қандай ғажап сенімен,
Ақын – жүрек қайта оянды от – демнен.
Айналғандай – әр сөзім жыр-бұлаққа,
Өлең жазып жүрмін, міне, бір апта.
Адамзатқа залалы жоқ,
Тек ғашық
Сен деп соққан жүрегімді жылатпа!