10.07.2023
118
Жарық сәуле атың – Шам...
Жарық сәуле атың – Шам,
Келермісің шақырсам?
Сенермісің, ғашықпын,
Демермісің алқынсам?!
Жарық сәуле атың – Шам,
Деме мені, талпынсам.
Қөбелектей
Жарыққа
Құмар болған ақын сан.
Жан ба екенсің жаны – Күн,
Дей алмаймын таныдым...
Қанатымды күйдірмей,
Жылытса еді жарығың...