10.07.2023
  55


Автор: Серікбай Оспанов

Неге...

Неге?!


Неге?!


Неге саған жолықтым,


Арман едің


барасың-ау болып мұң,


Хабарласып, салқын жауап есітіп,


Бепілдеген телефоннан қорықтым.


 


Үзік-үзік өксік пе еді мынау үн,


Телефонның қараңызшы жылауын!


Алай-түлей менің де ішім егілді,


Кім жібітер, көңіл – әйнек қырауын?!


 


Өзіме өзім:


«Неге, неге, неге?!» деп,


Он екшеймін,


айтқан сөзді он елеп.


Бепілдеген телефонның дауысы


Күні-түні миымды жүр шегелеп.


 


Неге, неге?!


Неге саған жолықтым,


Арман едің


барасың-ау болып мұң.





Пікір жазу