10.07.2023
72
Алдымда жар бар демейтінім...
Алдымда жар бар демейтінім,
Адамдар алдар демейтінім.
Қасірет, мұң бар демейтінім,
Өзен,
көл құрғар демейтінім!
Қандай ғажап еді
Жамандықтарға сенбейтінің?!
Қысылсам, желеп-жебейтінім,
Құдіретке де теңейтінім.
«Жан жарым жалғыз Ер» дейтінім,
Қөрмесе сәтке шөлдейтінім!
Қандай бақыттымын
Барында жарық сендей Күнім!