10.07.2023
136
Сен туған жер
Мен өзіңді көп ойладым,
Сен туралы көп жазып.
Көйлегің бе деп ойладым
Көктемдегі көк жазық.
Маған ыстық жүрген жерің,
Сағынғанда көп бардым.
Қызыл-жасыл қыр гүлдерін
Орамалың деп қалдым.
Жыр жазуға дайындалдым
Қаламымды ұштап мың.
Аппақ, түзу қайындарын
Балтырыңа ұқсаттым.
Бәріне де сезім керек,
Қуаныштан гүл аттым.
Үңілемін көзің бе деп,
Суына да бұлақтың.
Естисің бе бұл үнімді,
Бәрі-бәрі қолда тұр:
Сенің екі бұрымыңды
Елестетіп жол жатыр.
Көбелегі бантигің бе
Алып кеткен самалы?
Мені аңсаған жан-күйің бе,
Тербетеді даланы?!