meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.07.2023
  115


Автор: Серікбай Оспанов

Көңілім байғұс бәріне нанғыш еді...

Көңілім байғұс бәріне нанғыш еді,


Адамзаттан алғаным алғыс еді.


Бүкіл денем өртеніп жатыр енді,


Кеудем бейне майданның алғы шебі.


 


Ызалымын!


Келеді жылағым да,


Сенің үнің тұр әлі құлағымда.


Бейтаныс боп әуелі жолыққанмен,


Есімді алдың сен маған ұнадың да.


 


Махаббатты   жақсы   екен   ұқпағаным,


Кештеу   қалдым,


Сен   мені   құптамадың.


Ақыл айту басқаға оңай еді,


Өзімді  өзім  қалайша  құтқарамын?!





Пікір жазу