10.07.2023
  60


Автор: Серікбай Оспанов

Жүрер едім жүдемей, алаңдамай...

Жүрер едім жүдемей, алаңдамай,


Жолықты екем жолсызда саған қалай?!


Өсек айтса ел мен жайлы өтірік де,


Айт бетіме, сыртымнан жамандамай.


 


Жүргенімде шомылып күн нұрына,


Өкпелеткен шығармын құрбыны да.


Жастық шақтың мінезі алып қашпа,


Кейбір сөздің бар болар шындығы да.


 


Жүрген күндер баршылық көңіл қайтпай,


Өр мұңайтпай,


Жанымды шөл мұңайтпай.


Бәз біреуге бәрібір сенбегейсің,


Өзім айтпай,


Кездесіп көзім айтпай.


 


Мен білмейтін қалайды көңіл бір ән,


Қателестім!


Десем де өмірді ұғам.


Ердің сөзін айтпасам – менің кінәм,


Ездің сөзін тыңдасаң – сенің кінәң!





Пікір жазу