10.07.2023
56
Сені есіме алып...
Сені есіме алып,
Көз жасым домбыраның пернесіне ағып,
Ойға шомамын.
Сені іздеп, жаным, енді келмесің анық.
Өткен күндерім,
Сендермен сырласамын,
Көптен біргемін.
Қол ұстасып ап
Өзіңмен теріп жүрмін көктем гүлдерін.
Бақ қой дедім мен,
Шығыпсың қырға баяғы ақ көйлегіңмен.
Құшағыма алып,
Айрылғым келмей
Неткен тәтті ой дедім мен.
Шалғайда қалған
Сол сәттер тәтті тиді таңдайға балдан,
Қиял – құс мініп,
Ғажап қой кейде осылай армандай алған?!
Жанарымдасың,
Мәңгі өшпей қалар сонда жамалың, қасың.
Әр перне сен дер,
Жаным-ау, домбырамның шанағындасың.
Сенімен күнде
Сонау бір ай, жылдарға шегінем мүлде.
Бірге өмір сүріп,
Өлсең де өлесің тек менімен бірге!