meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  09.07.2023
  95


Автор: Серікбай Оспанов

Өкпелеймін, ұрысам да...

Өкпелеймін, ұрысам да,


Қайта-қайта жылайсың.


Ашуланып тұрсам да


Сен бәрібір ұнайсың.


 


Қашан қалды төгілмей,


Жыладың түн, талай күн.


Ащы мынау өмірдей


Көз жасыңды жалаймын.


 


Жұтам кермек дәмді мен,


Өзіңді де жұтқым кеп.


Таусылмайды әңгімең –


«Күні-түні күттім» деп...


 


Батқан күндей түнеріп,


Шыққан күндей күлесің.


Тамағыма тіреліп,


Көз жасым боп жүресің...





Пікір жазу