meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  09.07.2023
  102


Автор: Серікбай Оспанов

Тағы да сен таңымды...

Тағы да сен таңымды


Көз ілдірмей атырдың.


Шырылдатып жанымды,


Шыңырауға батырдың.


 


Қара мұңға қамалып,


Күрсінуі-ай ақылдың.


Еш алаңсыз балалық


Күнімді ойлап жатырмын.


 


Сезім қайда кешегі,


Көмекке сан шақырдым.


Сорым неткен бес елі,


Салқынысың салқынның!


 


Жаманысың жаманның,


Неткен жан ең оңбаған!


Дегбірін ап адамның,


Қорғансыздай қорлаған?!


 


Кінә іздеймін ісіңнен,


Тұншықтырып ой мынау.


...Жамандасам да ішімнен,


Жек көре алмай қойдым-ау!





Пікір жазу