09.07.2023
  88


Автор: Серікбай Оспанов

Біткен көл қабақ пен қас құрлығына...

Біткен көл қабақ пен қас құрлығына


Ұқсайды ай сәулесі, күн нұрына.


Таптырмай жүруші еді ғұмыр бойы,


Шомылып жүрмін енді тұнығына.


 


Қызғанып қос айдынды төнген елден,


Сімірдім мөлдірінен, шөлдеген ем.


Қоршалған қара, түзу тал, терекпен,


Көлді мен ондай терең көрген емен.


 


Арасын қыр бөледі екі көлдің,


Сол көлден табылғаны-ай дертіме емнің!


Сыйлады бақыт, шаттық қос айдыны,


Өмірден одан өзге не тілермін?!


 


Іздеумен күндіз-түні жетіп едім,


Егілтіп, емірентті екі көлім.


Жанымды баурап алған тұнығымнан


Айырма!


Өмір, сенен өтінемін!





Пікір жазу