meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  07.07.2023
  109


Автор: Серікбай Оспанов

Бір ұшқын емес...

Бір ұшқын емес,


Өрілер


Көзіңде ойнап мың ұшқын.


Жарқылдап жанып,


Көрінер     


Алтын күн, кейде күміс күн.


 


Жанарыңның сол жарқылын


Жанарым сүйіп, қағып ап,


Шабыттанып сан шалқыдым,


Жаныма өшпес жарық ап.


 


Жап-жарық етіп таңымды,


Сезесің бе сен, асыл жар,


Жасытпай жүрген жанымды,


Көзіңнен ұшқан жасындар!


 





Пікір жазу