07.07.2023
  96


Автор: Серікбай Оспанов

Аңқылдап алдан шығатын...

Аңқылдап алдан шығатын,


Желден де сені қызғандым.


«Айналдымдап» тұратын


Елден де сені қызғандым.


 


Ақ бетіңнен аймалар,


Самалдан да қызғандым.


Қадала қап, тайғанар,


Жанардан да қызғандым.


 


Отқа оранып отырып,


Опынып талай жыр жаздым.


Одан да тауып олқылық,


Мың суынып, мың жандым.


 


Сенімен емес,


Жұптастым


Мұңымен мұздай жылдардың.


Ұғарсың мені, ұқпассың,


Тек сен деп жүрген бір жанмын!





Пікір жазу