meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  07.07.2023
  91


Автор: Серікбай Оспанов

Қуанышты бар жанға бөліп беріп...

Қуанышты бар жанға бөліп беріп,


Сен жымисаң, кетесің көріктеніп.


Сен күлгенде ажал да шегінердей,


Ашкөзденіп,


Арындап төніп келіп.


 


Көңіліңнің шипасын көрдім мен де,


Өмір кетер өзгеріп сен күлгенде.


Өлеңдетер,


Әндетер жаным, тәнім,


Елеңдетер ессізді, сезімсізді!


 


Серпіліп күй,


Ән гулеп,


Желпініп жыр,


Қызыл-жасыл қырдағы толқыды гүл.


Төркіні бұл– шаттықтың, жан шуағы,


Жаным, мына жаһанда сен күліп жүр!





Пікір жазу