06.07.2023
72

Торғай
Осынау торғай кішкене
Төсіне көктің байланып,
Айналып құйттай нүктеге,
Әуенге мөлдір айналып.
Жырлайды туған даласын –
Ұясын, балапандарын.
Сол ма деп таң да қаласың
Атырған дала таңдарын!
Мен де бір құйттай торғаймын,
Сүйемін Отан-Анамды.
Тоқсан да тоғыз толғаймын,
Жетпейді үнге бәрі әлгі!
Не айтсам да аздай көрініп,
Лайық теңеу таппадым.
Үн тұрды тағы төгіліп,
Ағарып атты ақ таңым.
Бақытым болған, Отан-ай,
Жырлай алмауым ұят-ты.
...Шырылдап тұрған сол торғай
Жүрегім менің сияқты!