06.07.2023
  57


Автор: Астана күні

Астанамызға биыл 25 жыл

Бүгін шілденің алтысы атаулы күн, мемлекеттік мереке, , 2023 жыл. Бұл күн қандай күн деп сұрауларыңыз мүмкін. Бұл күн бақытқа толы күн, күннің нұры шуағымен бөлейтін шуақты да нұрлы күн. Мерекелі де берекелі күн, еліміздің астанасы — Астананың туған күні.
ҚазАқпараттың мәліметінше, «1998 жылы 6 мамырда атауы ресми түрде Астана болып өзгерген елордамызға 25 жыл толды. Ал, 2009 жылдан бері Астана күні елімізде 6 шілдеде аталып келеді»
Күн өткен сайын көріктеніп, халықтың жүрегін жаулап, өзіне баурап жатқан Астанамыздың атауы бірнеше рет өзгертіліп, өзінің «Астана» атауын қатадан иемденді. Толығырақ айтар болсақ: «2019 жылы 20 наурызда Президент өкілеттігін қабылдап алған Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту жөнінде ұсыныс көтеріп, депутаттар тарапынан қолдау табады»
Қаламыз Нұр-Сұлтан атауын 2022 жылдың 17 қыркүйегіне дейін иемденеді. Аталған күні, яғни 2022 дылдың 17 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Жарлыққа қол қойды. Өзінің «Астана» атауын қайта иемденіп барша әлемді өзіне таң қалдыра қаратып отырған, күннен күнге қанат жайып жанданып жатқан Астанамыздың бүгін туған күні, яғни Астана күні.
Құрметті Қазақ елі! Баршаңызды бүгінгі Астана күнімнен шын жүректен құттықтаймын! Астанамыз жанданып, көркейе берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Астанамыздың биыл 25 жылдық мерейтойы құтты болсын! 25 жыл 50 жылға, ғасыр асып 125 жылға жете берсін! Қазақ елі жасасын! Астанамыз жасасын!





Пікір жазу