04.07.2023
  90


Автор: Серікбай Оспанов

Досқа сыр

Бір күн менде лауазым, бір  күн сенде,


Байқаусызда бірдеме бүлдірсем де,


Көмектеспе!


Мен үшін жеткілікті


Көмектескің келгенін білдірсең де!


 


Елден сұрап не болар алғандарым,


Білейін тек жанашыр жандар барын.


Бермей-ақ қой ештеме!


Жарап жатыр


Бергің келіп тұрғанын аңғарғаным.


 


Айта алмаймын ойымнан шыға біл деп,


Досқа достық болған ба, сірә, міндет?!


Қайғым болса мен үшін қапаланба,


Сезсем болды тұрғанын жылағың кеп.


 


Шаттығымды ұқсаң да қабағымнан,


Тамаша өлең туса да қаламымнан,


Қуанба сен мен үшін,


Ризамын,


Көрсем болды бір ұшқын жанарыңнан!





Пікір жазу