04.07.2023
  46


Автор: Серікбай Оспанов

Еһе-һе-һей...

Еһе-һе-һей!


Қайтпас қыран, қайрыл бері,


Қанатың қандай ғажап, айбынды еді?!


Қуалап кетті сені қуанышым,


Күшіңді байқамаушы ем жай күндері.


 


Еһе-һе-һей!


Қайтпас қыран, маған қара,


Нүкте боп көз ұшында қараңдама!


Жаныма кел, қошемет көрсетейін,


Мына Жер саған да Ана, маған да Ана.


 


Орал сен, аспанда аздап жарқылдап ап,


Болғанмен алдында жел, артыңда бақ!


Тұлпардай жерде тұрып тыпыршимын,


Самғасаң тұра алмаймын салқын қарап.


 


Хас қыраным, тұғырың, далаң – бағың,


Қамқор болып тосады саған бәрін.


Алаңдадым өзіңе қанат қақсаң,


Бірге ұшып жүр сенімен ақ арманым!


 


Қайыспайтын тентегім, қара күшім,


Бақыт іздеп аспаннан барамысың?


Биіктік шабыт, шаттық сыйлағанмен,


Бақыт – Жерде!


Онсыз сен жаралысың!





Пікір жазу