04.07.2023
  45


Автор: Серікбай Оспанов

Кішкене аулым, жатырсың шетте бір бөлек...

Кішкене аулым, жатырсың шетте бір бөлек,


Өзіңді мәңгі жүрегіне ұлың жүр бөлеп.


Карта бетінде атың жоқ әлі, аяулым,


Көруге сені көңіл мен көзге нұр керек.


 


Кішкене аулым, сағынып жүрмін мен бүгін,


Сақталып қапты кеудемде өзің кеңдігің.


Бір сендей маған қалдырар әсер қандай ел,


Аралап кетсем әлемнің бүкіл ендігін?!


 


Қарлығаш болып өзіңе қарай ұштым мен,


Жолаушы жанмын, тағы да жолға түстім кең.


...Сапарға шықсам көркіңді көріп қайтатын,


Өтсе ғой, шіркін, барлық жол сенің үстіңнен!





Пікір жазу