04.07.2023
  53


Автор: Серікбай Оспанов

Махамбет

Махамбеттің өлеңін жатқа білем,


Қайран бабам секілді атқа мінем.


Қайралмаған күнім жоқ,


Қылыштаймын,


Сабырым тек тұрады сапта кілең!


 


Ол осынау ұлы екен бай даланың,


Көңілінің халқына жайған ағын.


Шындық іздеп жүрегі


Қалапты ғой


Өмірдің мәңгі гүл боп жайнағанын.


 


Қуат-күшті өлеңі алса кектен,


Ақ семсері адалдықты аңсап өткен.


...Махамбет пе деп қалам кей сәттері


От-найзағай жарқ етіп қалса көктен!





Пікір жазу