04.07.2023
  73


Автор: Серікбай Оспанов

Қос бұрым

Шаштарын қарындастар алғанда өріп,


Кететін қол жетпейтін арман болып.


Қазір мен жалғап алған емес пе деп,


Тұрамын қыз бұрымын жалған көріп.


 


Құрбым-ау, ұққайсың сен досты бүгін,


Жақсы бір жаңалығын қосты күнің.


Сонда да сонадайдан қол бұлғайтын,


Көзге ыстық көрінеді қос бұрымың.





Пікір жазу