04.07.2023
88
Ауылда талай үйлерде болып, шай іштім...
Ауылда талай үйлерде болып, шай іштім,
Орамал беріп, су құйып қолға майыстым.
Әкем жайында болатын кейде әңгіме
Жәшігін көрсе ел,
Пұшпағын көрсе қайыстың.
– Қиюластыра келтіріп қалай қашаған?
Сенің әкең ғой сандықты мынау жасаған...
Түсіріп еске жылайды қарттар кемсеңдеп,
Көңілім босап,
Көзіме мен де жас алам.
– Шанамды жөндеп, етігімді тіккен сол еді, –
Дейді де бәрі жиһазды барлап көреді.
Үңілем мен де ыстық қол табы жатқандай,
Үңілем қайта осы ғой деп оның өлеңі!