04.07.2023
  74


Автор: Серікбай Оспанов

Ғұмырым

Өмір десем бе екен,


Бір сәттік көңіл десем бе екен,


Қалағанымдай боп қаланып, өрілмесең не


етем?!


Тек өзім білетін жетеді, осалдықтарым бар,


Былайғы жұрт көзіне ешкімнен көрінбесем де


кем.


 


Өзен десем бе екен, мен сені бұлақ десем бе


 екен,


Сынақ десем бе екен,


Жарығы аз шырақ десем бе екен?


Мөлдірлігімді бер, құтқарып бар көлгірлігіңнен,


Шындығыма тиме, құрдымға құлап кетсем де


ертең?


 


Тағдырыма тізгін, апыр-ау, кезім бе беретін,


Жарқылым сөніп-ақ қалды ма көзімде ел


көретін?!


Есейген сайын бұл жалғандық дос боп келе


ме-ей,


Жөнім жоқ еді ғой ақылсыз сезімге де


еретін?!


 


Елпектете көрме ездерге,


Ентіктіре көрме,


Елдікті де бөлме,


Сен менен ерлікті де бөлме!


Бүгілмей келіп еді,


Бүкпеп ем тіземді ешкімге,


Жалғандық жасатып тіземді сен бүктіре көрме!





Пікір жазу