meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  04.07.2023
  93


Автор: Серікбай Оспанов

Араласып арманмен...

Араласып арманмен,


Шөл қандырып тұнықтан,


Жағаласып жалғанмен,


Барам асып қырықтан.


 


Әнге айналды таңдарым,


Өлең өрдім қылықтан.


Ала қашып арманым,


Барам асып қырықтан.


 


Кейбір жоғым табылды,


Еске түсті ұмытқан...


Ағаға ашып жанымды,


Барам асып қырықтан.


 


Сылтау іздеп сынықтан,


Елемедім ұсақты.


Барам асып қырықтан,


Балаға ашып құшақты.


 


Тасқынды ағыс – жылдарым,


Толқындағы кемемін.


Ертеңім деп шыңдарым,


Жетемін деп келемін.


 


Жолықпады кандай күн,


Арпалыстым, алқындым.


Айналама қараймын:


Қай жағаға жақынмын?!





Пікір жазу