04.07.2023
  76


Автор: Серікбай Оспанов

Күстәналап...

Күстәналап,


Жүретін ел кінәлап,


Ерге шықты Еркегүл,


Екі қабат!


Жамалына қарасаң – жаның балқыр,


Екі қабат әйелдің – көркі ғажап!


 


Арқын-жарқын Ару мен күйеу жігіт,


Бірін-бірі,


Бір-бірін сүйеуде Үміт,


Біреу күліп қараса іштен тынып,


Айтар сөзін қалды енді біреу бүгіп.


 


Абысындар айтты ма іш пысқаннан,


Толастады тобырлар пыш-пыштаған?!


Еркін басып Еркегүл кіріп-шықты,


Ақ шымылдық желбіреп тұсқа ұстаған.


 


Шаруасын тындырып шартараптың,


Кереметін кеп жатты арқалап күн.


...Адалдықтың бәлкім бұл құдіреті,


Құдіреті әлде бұл махабаттың?!»


 





Пікір жазу