04.07.2023
89
Көңіл күні
Көңіл күні – мейірім,
Анашымның жанары.
Ашық-жарқын пейілім,
Жан жарымның қабағы.
Достарымның тілегі,
Пәк күлкісі баламның.
Құрбылардың гүл өңі,
Жарқылдары жанардың.
Көңіл күні –
Ақтарып
Танысқа айтқан сырларым.
Ол – әсем ән,
Шаттанып
Жазған жарқын жырларым.
Бір-біріңе жасаған
Ол – жақсылық, шапағат.
Барлығымыз аңсаған
Ол – мөп-мөлдір махаббат.
Күні бұлтсыз көңілдің,
Ол – дәстүрі бабаның.
Ол – ізеті келіннің,
Ізгілігі ағаның.