04.07.2023
137
Бірі бақыт, бірі әкелер саған мұң...
Бірі бақыт, бірі әкелер саған мұң,
Бәрі бірдей бола алмайды адамның.
Мейіріміндей мейірім бар ма әкеңнің,
Құшағындай құшақ бар ма анаңның?!
Бәрі бірдей бола алмайды адамның,
Әртүрлі ойы балаң, інің, ағаңның.
Арамдардың көзқарасы басқаша,
Көзқарасы мүлде бөлек адалдың.
Ұқсағанмен бір кісіге бір кісі,
Мінезі өзге, түрі бөлек, түрлі ісі.
Бәрі бірдей бола алмайды адамның,
Бірдей емес өнегесі, үлгісі...
Адамдар бар қызу қанды, салқын да,
Жеңілтек те, жабырқау да, жарқын да.
Алтын адам дейтініміз қателік,
Сезім бар ма жылтыраған алтында?!
Адамдыққа жетер әзір жоқ баға,
Адам үшін түседі адам отқа да!
Қуанбайтын,
Қайғыруды білмейтін,
Бәрі бірдей қуыршақтың тек қана!