04.07.2023
236
Ата-анамның арқасында...
Ата-анамның арқасында
Көрмей өстім жамандық.
Достарымның ортасында
Сүйікті етті Адалдық.
Баласындай өбектейді,
Ала көзбен атпайды.
«Жан еді олар бөлек», – дейді,
Ата-анамды ел мақтайды.
Жауласпадым ешкіммен де,
Дұшпандарым жоқ дедім.
Кешті достар, кештім мен де,
Болса кей мүлт кеткенім.
Кінәлі өзі!
Гүлдемейді
Өкпелеген өткенге.
Мен жайында кім, не дейді,
Ана жаққа кеткенде?!